06.01.2017
«Астана ЭКСПО-2017» АҚ хабарлағандай, америкалық «The New York Times» басылымы саяхаттанушыларға 2017 жылы назар аударуға кеңес берген 52 бағытты анықтады. ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізетін Астана қаласы бұл рейтингте 26-орынды иеленді.
Басылымның мәліметінше, 2017 жылы Қазақстан астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесі өтеді. Көрменің тақырыбы – «Болашақ энергиясы». Жарияланған материалда Астанада соңғы жылдары ашылған таңғажайып мейманханалардың көптігі айтылады.
Сондай-ақ, «New York Times» оқырмандарына Канада, Чили, Үндістан, Қытай, Швейцария, Португалия, Ямайка, Австралия және т.б. ұсынды.
Айта кету керек, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.