• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қытайдың 350 мың азаматы «ЭКСПО-2017» көрмесіне келмек (ФОТО) 06.01.2017

ҚР СІМ-де хабарлағандай, Ш. Нұрышев өз сөзінде жиналғандарды көрмеге дайындық барысымен таныстырды, ЭКСПО-2017 көрмесін мазмұндық жағынан толтырудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді және барлық жиналғандарды іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

«2017 жылы екіжақты туристік ынтымақтастықты дамыту аясында қытайлық туристерге «ЭКСПО-2017» көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туындайды», – деп атап өтті Ш. Нұрышев.

ҚХР павильонының ұлттық комиссары, ХСІЖК төрағасының орынбасары Ван Цзиньчжэнь сөз сөйлеу барысында Қытай Павильонының тұжырымдамасымен таныстырып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қытайдың мұнай-химия, күн, ядролық және жел энергетикасы саласындағы «CNPC», «State Grid corporation», «CGN», «Zhejiang Energy», «CGL» сияқты ірі энергетикалық компаниялары өнімінің экспозициясы ұйымдастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ Ван Цзиньчжэнь ХСІЖК болжамы бойынша 350 000 жуық қытайлық азамат ЭКСПО-2017 көрмесіне келетінін мәлімдеді.

Брифинг қорытындылары бойынша ХСІЖК басшысы Цзян Цзэнвэймен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, алдағы кезеңде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын ұлғайту және индустрияландыру мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 


Back to the list