• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЭКСПО-2017 көрмесіне  қатысушы елдердің  саны жоспарланғаннан асып жығылды  – СІМ 27.12.2016

«Алдын ала тіркелген мәліметтер бойынша  көрмеге 100 ел  мен 10 халықаралық ұйым  қатысатын болған. Қорытындысында ЭКСПО-2017  көрмесіне 112 ел мен 18 халықаралық  ұйым қатысатын болды. 108 ұлттық секцияның комиссары тағайындалды», - деді Е.Ыдырысов.

Министр айтып өткендей, ведомство ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде  шетелдік мемлекеттердің қатысуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

«Халықаралық  қатысушыларды тарту – өте күрделі үрдіс. Әрбір қазақстандық елшілікте  ЭКСПО көрмесі үшін жауапті бір тұлға сайланды. Тұрақты түрде  Қазақстанда аккредиттелген шетелдік елшілермен келіссөздер өткізіліп келеді», - деді Е.Ыдырысов.

Сондай-ақ, министр айтқандай, көрме аясында ірі халықаралық шараларды өткізуге дайындық жүргізілуде. 


Back to the list