22.12.2016
Отырыс барысында қатысушылар Қазақстанның ұлттық павильонын мазмұндық жағынан толтыру, қонақ үй қоры мен логистиканы даярлау мәселелерін, сонымен қатар, қонақтарды халықаралық көрмеге келу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.
Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.