15.12.2016
4 қазанда Астанада Ресей мен Қазақстанның XIII өңіраралық ынтымақтастық форумында Ресейдің "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу жобасы таныстырылды. Ұйымдастырушылар мәлімдегендей, Ресейде ЭКСПО көрмесінде ең үлкен стенд болмақ.
«Қазіргі уақытта Russia EXPO тобы ресейлік тараптың көрмеге қатысуының мазмұндық жағы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, олар ресейлік стендті шын мәнінде қызықты әрі новаторлық жобалармен толтыруға тырысып жатыр», - деді ресейлік өкілдер.
Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде ресейлік павильонның тақырыптық тұжырымдамасы "Ресей - Планетаның энергетикалық әлеуеті" атауына ие. Ресейлік тараптың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуының барлық кезеңі бірнеше тақырыптық блоктарға бөлінген: «Мұнай», «Атом энергетикасы», «Еуразияның энергетикалық кеңістігі». 2017 жылғы 8 қыркүйекте ЭКСПО-2017 көрмесінде Ресейдің Ұлттық күні жоғары деңгейде өтпек.