• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Словакия ЭКСПО-2017 көрмесіне   қатысу жөніндегі шартқа қол қойды 14.12.2016

Кездесу барысында  екі жақ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық мәселелерін сөз етті. Ахметжан Есімов словакиялық тарапты Көрмеге дайындық және көрмеге халықаралық қатысушыларды тарту жұмыстарымен таныстырды.

Сонымен қатар, ұлттық компания Басқармасының Төрағасы қазіргі уақытта 7 мемлекеттің өкілдеріне павильондар толтыру және контент үшін табысталғандығын  және таяудағы уақыттарда бұл жұмыстың жалғаса беретіндігін жеткізді.

«Шарт жасасуды біз екі ел арасынағы экономиалық қарым-қатынастардың дамуындағы кезең деп бағалаймыз. Бұл Словакияны бүкіл әлемге өнеркәсіптік дамыған ел ретінде таныстырудағы маңызды қадам. Біз энергетика саласындағы құрылыс және жаңғырту, жаңартылатын энергия көздері облысындағы арнайы технологиялар бойынша словакиялық компаниялардың көптеген таныстырылымдарын дайындағымыз келеді», - деді ол.

Кездесу қорытындысы - ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Словакияның қатысу туралы шартқа қол қойылды.

Естеріңізге сала кетелік, «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтеді, көрмеге 5 миллион шамасында адам келеді деп күтілуде.


Back to the list