• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алжир «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды 25.11.2016

Сапар барысында АХДР мемлекеттік министрі – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Рамтан Ламамрамен және Алжирдің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы үшін жауапты Ұлттық секция комиссары – АХДР Премьер-министрі істеріндегі сенімді өкілі Мустафа Шакиб Халифпен кездесулер өткізілді.

Алжирдің сыртқы саяси ведомствосында кездесуде Р. Жошыбаев және Р. Ламамра екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Дипломаттар Астана мен Алжирдің негізгі халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша позицияларының жақындығын атап өтті.

Кездесу қорытындылары бойынша Р. Жошыбаев және М. Халиф алжир тарапының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.

 


Back to the list