21.11.2016
«Біз бюджеттік емес инвестициялар аясында Ұлттық ғарыш орталығы құрылысының екінші кезеңін іске асыруға кірістік. Ол кіріктіріп салынған үй-жайлары, паркингі, балабақшасы, сауда-ойын-сауық кешені бар тұрғын үй кешенін қамтиды», - деді «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Марат Нұрғожин.
Ол ҰҒО аумағында көрме мұражай аймағын құру, сондай-ақ алдағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астана – Байқоңыр туристік бағдарын ұйымдастыру жоспарланғанын атап өтті.
Сондай-ақ ол ҰҒО заманауи ғарыш технологияларын дамыту орталығына айналатынын және оның мемлекеттік деңгейде қолдау тапқанын атап өтті. М. Нұрғожиннің айтуы бойынша, қазір инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.