• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Болгариялық компаниялар «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға мүдделі 12.11.2016

Комиссар Болгария мен Қазақстан Парламенті  достық тобының төрағасы  Даниела Дариткова-Проданова  мен әртүрлі фракция депутаттары, Энергетика министрі Теменужка Петкова, Сыртқы істер вице-министрі Валиентин Порязов, туризм вице-министрі Ирена Георгиева, Болгар сауда-өндіріс палатасының төрағасы Цветан Сименовпен кездесті.

Р.Жошыбаев депутаттармен кездесуде болгарлық тарапқа Қазақстан бастамаларына қолдау көрсеткеніне алғыс айтып, болгарлық депутаттарды «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға шақырды. Д.Дариткова-Проданова елдер арасындағы белсенді парламентаралық қарым-қатынастың дамуын атап өтті.

Р.Жошыбаев Болгарияның  энергетика министрімен кездесуң  барысында Қазақстанның  асыл энергетика саласындағы бастамалары мен «Болашақтың энергиясы»  көрмесі туралы баяндадаы. Өз кезегінде  энергетика министрі  - Болгарияның Ұлттық үйлестірушісі Т.Петкова  Болгария  Еуропалық одақта «жасыл» энергетика бойынша көшбасшылардың бірі екенін атап өтті.

Т.Петкова болгарлық компаниялар қазақстандық көрмеге  энергетика саласында дайындық жүргізіп жатқанын айтты. 


Back to the list