• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Малайзияның  50-ден астам  технологиялық компаниясы «ЭКСПО-2017» көрмесінде өз әзірлемелерін таныстырады (ФОТО) 27.10.2016

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның   2016 жылдың  5-8 қазанында  Кула-Лумпурде өткен  «IGEM» көрмесіне қатысуы ЭКСПО-ны Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде ілгерілетуге, баламалы энергия саласында екіжақты ынтымақтастықты дамыту  саласында  жақсы негіз болғанын атады,  деп хабарлады СІМ.

С. Уджанг айтып өткендей,  Малайзияның бизнес ортасы өз мүмкіндігін ЭКСПО көрмесінде таныстыруға мүдделі.

«Бүгінгі таңда СІМ Малайзияның   50 жетекші компаниясымен көрмеде өзінің технологияларын таныстыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар  Малайзияның  Энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары  министрлігі мен Қазақстанның Энергетика министрлігі арасында  баламалы энергия көздері бойынша меморанду түзуге келісті.


Back to the list