26.10.2016
Кездесу барысында Ахметжан Есімов бразилиялық тарапты Көрмені дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы хабардар етті. «Дүйсенбіде (31.10.2016 ж.) біз алғаш халықаралық павильондарды, сонымен қатар пәтерлерді ЭКСПО-ға қатысушы мемлекеттерге табыстауды бастаймыз»,- деп атап көрсетті ұлттық компания Басқармасының Төрағасы.
Өз кезегінде Золтир Чиапетти жаңартылатын энергия көздері бойынша өз әзірлемелерін Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 көрмесінде көрсету мүмкіндігі үшін алғыс білдірді. «Біз үшін бұл өте маңызды оқиға, өйткені Бразилияда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 73,5% шамасын құрайды. Бұл біздің болашақ энергиясы бойынша әзірлемелерімізді көрсету мүмкіндігі. Елде гидроэнергетика, жел, күн және басқа энергиялар өте дамыған. Біз осы Көрмеде сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз», - деп мәлімдеді Бразилия ұлттық секциясының комиссары.
Бүгінгі күнге ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуды ресми түрде 105 ел растады, 101 ел өздерінің ұлттық комиссарларын тағайындады. Қазіргі мезетте компания экспозициялардың жобаларын қабылдауға кірісті.