• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Тәжікстан ЭКСПО-дағы  өз экспозициясының Бас комиссарын тағайындады 18.10.2016

Н.Сейтімов ЭКСПО-2017 Мамандандырылған халықаралық көрмеде Тәжікстан Республикасының экспозициясының Бас комиссары ретінде тағайындалғаны үшін Төрағаны құттықтады.

Өз кезегінде, Ш.Саид Елшіге ризашылығын білдіріп, өз елінің болашақтың энергиясы саласындағы жетістіктерін ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтарына таныстыру мақсатында тәжік тарапы барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.

Ш.Саид жақын уақытта Астана қаласына  ЭКСПО-2017 Комиссары Р.С.Жошыбаевпен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басшылығымен тәжірибелік-ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау және нақты жұмысқа кірісу мақсатында сапармен баратынын хабарлады.

Сонымен қатар, кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар мәселелері қарастырылды. Осы орайда, тараптар ү.ж. 20 қазанда Душанбе қаласында өтетін «Қазақстан-Тәжікстан» бизнес-форумының маңыздылығын атап өтті.

 


Back to the list