• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мажарстан  ЭКСПО-2017 көрмесіне мәдениет пен туризм жәдігерлерін әкеледі 18.10.2016

Ахметжан Есімов Қазақстан мен Мажарстанды  терең тарихи тамыр мен мәдени дәстүрдің байланыстыратындығы атап өтті. Басқарма төрағасы ЭКСПО нысандарының дайындығына және павильондардың халықаралық қатысушыларға өткізуге дайын екендігіне тоқталды.

«Біз мажар  павильонын көрдік, барлық жұмыстардың мерзіміне сәйкес жүргізіліп жатқандығын білдік. Біз осы іс-шараға мейлінше көп Венгрия кәсіпорындарын тартуға талпындық. Бұл ретте, біздің осы делегация құрамына 60 бизнесмен қосылды» - деді Венгрияның Ұлттық экономика жөніндегі министрі.

ЭКСПО-2017 қатысушылары мен қонақтарын тасымалдау үшін венгрлік әріптестер Көрмеге сонау Кеңес одағы кезінен белгілі ИКАРУС жаңа заманауи электробустарының шусыз, қоршаған ортаны ластамайтын түрлерін әкелуге дайын екендігін жеткізді.    

Айта кету керек,  бүгінде Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне өзінің қатысатындығын 104 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады, 98 мемлекет комиссарларын  тағайындап, 82 қатысу келісімшартына қол қойылды.


Back to the list