• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Польшалық туроператорлар «ЭКСПО-2017» көрмесінің жобасымен танысты 18.10.2016

«Бұл ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Польшаға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен Польша туристік палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Польшадан келген туристер мен қонақтар арасында қазақстандық туристік бағытты көпшілікке танымал ету бойынша польшалық тараппен бірлескен алғашқы қадам», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстандық павильон польшалық кең жұртшылықты және Варшавадан келген қонақтарды «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің жобасымен, қазақ туристік қазынасымен, сондай-ақ Қазақстанның басқа да заманауи туристік бағыттарымен таныстырды.

Көрме барысында «Астана ЭКСПО-2017» өкілдері мен қазақстандық туроператорлар ірі польшалық туроператорлармен бірлескен ынтымақтастық ұсыныстарын талқылады, Қазақстанға туристердің көп санын тарту мақсатында, Польшаның туристік бизнес өкілдерімен байланыс орнатты. Польша туристік палатасының вице-президенті Дариюш Войталмен «Астана ЭКСПО-17» АҚ қолдауымен жетекші польшалық туроператорлар үшін Қазақстанда инфо-тур және Варшавада арнайы роуд-шоу ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстанның СІМ басшысы атап өткендей, Польша мен ЕО азаматтары үшін анағұрлым қолайлы туристік жағдайлар жасау үшін 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Үкіметі польшалық азаматтар үшін күнтізбелік 30 күнге дейін визасыз режим енгізуде, Қазақстан мен Польшаның авиациялық билік орындары, сондай-ақ LOT польша ұлттық әуе желілері келесі жылдың бірінші жарты жылдығында Варшава мен Астана арасында тұрақты тікелей әуе рейстерін ашу бойынша келіссөздер жүргізуде.  


Back to the list