10.10.2016
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ хабарлағандай, Улугбек Розукуловтың назарына көрменің және оған іргелес орналасқан архитектуралық ансамблі ұсынылды. Делегация өкілдері осы айдың аяғында халықаралық қатысушы мемлекеттерге ұсынылатын халықаралық павильондарды аралап шықты. Бүгінгі таңда 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми растады.
«Құрылыстың ауқымы мен сапасы таң қалдырады. Қазірдің өзінде көрменің шын мәнінде сәтті өтетіндігіне күмән жоқ. Өз тарапымыздан, ЭКСПО-2017 аясында Самарқанд пен Бұхараға арнайы туристік турларды ұйымдастыруға дайынбыз», - деді Улугбек Розукулов.
Қазіргі таңда, шетелдік туристер үшін Қазақстанның барлық өңірін қамтитын 73 маршрут әзірленген. Келесі жылы ЭКСПО-2017 көрмесін 5 миллионнан астам келуші болады деп күтілуде.
Басқосу барысында, алдағы ынтымақтастық пен техникалық мәселелерді талқылады.