• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Армения ЭКСПО-2017-ге  қатысатындығын растады 08.10.2016

Басқосу барысында екі жақ Арменияның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндігі қарастырылды.   

«ТМД барлық елдері халықаралық көрмеге қатысатындығын ресми растады. Сондықтан олардың қатарында Арменияны да көргіміз келеді», - деді А.Есімов.

Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 104 мемлекет растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.

Өз кезегінде, Сурен Караян мемлекет Үкіметі жақын арада нақты шешім қабылдайтындығын айтты.

Айта кету керек, түстен кейін Сурен Караян «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады. Демек, халықаралық көрмеде ТМД барлық елдері қатысатын болады.

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.

 


Back to the list