07.10.2016
«ТМД барлық елдері халықаралық көрмеге қатысатындығын ресми растады. Сондықтан олардың қатарында Арменияны да көргіміз келеді», - деді А.Есімов.
Ұлттық компания хабарлағандай,бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 104 мемлекет растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.
Өз кезегінде, Сурен Караян мемлекет Үкіметі жақын арада нақты шешім қабылдайтындығын айтты.
Айта кету керек, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі.