• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астана мен Әбу-Даби ЭКСПО аясында өзара ынтымақтастықты қалыптастырып жатыр 06.10.2016

Екі ел арасындағы қазіргі заманғы саяси байланыстарын жоғары бағалай отырып, шейх Мансур бен Заид Аль Нахаян  Астана мен Әбу-Даби  екіжақты ынтымақтастық аясында сенімді қарым-қатынасты арттыруда. Оның негізі Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бастау алды. Оның айтуынша, бұл қарым-қатынастың негізі  екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен шейхом Халифой бен Заидом Аль Нахаян арасындағы тұрақтанған байланыстың нәтижесінде қаланды.

Кездесу барысында Қазақстан мен  Әмірлік арасында әр түрлі сала бойынша пікір алмасты.  БАӘ Президент Әкімшілігінң жетекшісі Қазақстанды  2017 жылдың 16-17 қаңтарында Әбу-Дабиде өтетін «Болашақтың энергиясы»  Дүниежүзілік саммитінің X мерейтойлық  отырысына қатысуымен құттықтады.

«Қазақстанның саммитке қатысуы ЭКсПО-2017 тақырыбын ілгерілету мен имиджін арттыруға мүмкіндік береді», - деді шейх Мансур.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, «Болашақтың энергиясы» Дүниежүзілік саммит аясында «Астана ЭКСПО-2017» АҚ мен «ЕХРО-2020 Dubai» ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. 


Back to the list