05.10.2016
«Біз 2017 жылы өтетін халықаралық көрмені тағатсыздана күтіп жүрміз. Дайындық кезіндегі ілгерілеу де көңілді көншітіп жатыр. Малайзия тарапынан туристермен қоса, кәсіпкерлердің саны көп болады деп үміттенеміз», - деді Дато Хидаят Абдул Хамид.
Елші атап өткендей, Малайзия тиімді энергиялық технологияларымен танымал, күн батарейлері мен светодиодты шам шығару бойынша зор әлеуетке ие.
Айта кетейік, 2017 жылы Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтеді, көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы».
Ботагөз Айтжанова