• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Сунь Ли: Бейбітшілік және халықтар достығы - ЭКСПО-2017 көрмесінің  маңызды тақырыбы 03.10.2016

«Қазақстан өз  Тәуелсіздігінің 25 жылы ішінде біздің халықаралық алаңдағы ең жақсы достарымыздың бірі болды. Осы жылы Қазақстан ШЫҰ төрағасы, БҰҰ ҚК, сондай-ақ басқа бірлестіктердің тұрақты мүшесі болып табылатынын ескерсек, Қазақстанның саясат және экономика саласындағы жетістіктерін атап өтпеуге болмайды, олар біз үшін айқын», - деп мәлімдеді ол.

Холдинг директорының айтуы бойынша, тәуелсіздік және қазақстандық экономиканың реформалануы жағдайларында негізгі міндеттердің бірі өнімнің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық жетістіктердің практикалық қолданылуын және инновациялық қызметті жақсарту болып табылады.

Одан басқа, Сунь Ли атап өткендей, осы жылы Қытайда ҚР Үкіметі мен ШЫҰ хатшылығы Қазақстанның ШЫҰ-да төрағалық етуі шеңберінде Қазақстанның жетістіктерін және оның халықаралық алаңдағы рөлін жаңа деңгейге шығаратын бірлескен іс-шараларды жүргізу жоспары туралы бірлескен келісімге қол қойды.

«Қытайда айтқандай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең көрнекті әрі   жұмсақ күштерінің бірі оның бейбітшілікке ұмтылуы болып табылады. Дәл осы бейбітшілік пен халықтар достығы  ЭКСПО-2017 қосымша маңызды тақырыптарының бірі болып табылады. Біз Қазақстан Президентіне Астананы барлық әлемдегі бейбітшілік астанасына айналдыруға жәрдемдесуді қалаймыз», - деді Сунь Ли.

Индира Қауметова


Back to the list