• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЭКСПО-ға қатысушы елдер павильондардың тақырыптық тұжырымдамасын әзірлеуді жеделдетулері керек – А.Есімов 30.09.2016

«Барлық павильондар дайындалып, коммуникациялар әзірленді. Келесі айларда елдер өздерінің павильондарын реттеуге дайын болулары керек. Бүгін 103 ел өздерінің қатысатындығын растап, 98-і  комиссарларын тағайындады. Қатысу туралы 82 келісім орнатылды, 61 мемлекет  ұлттық күндерінің уақытын бекітіп, 17 халықаралық ұйым қатысатындығын растады», - деді А.Есімов.

Компания басшысы сондай-ақ, халықаралық павильондардың  мағыналы толтырылып жатқандығын атап өтті.

«Бізде тек 5 павильон толтырылмай тұр, біз олардан өтінім күтіп жатырмыз. 10 ел болады деп үміттенеміз. Ресми қатысушылардың  павильондарының тақырыптық тұжырымдамаларын  әзірлеуде жылдамдық танытуларына шақырамын», - деді ол.

Осы орайда ол Австрия, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Пәкістан, Польша, Жапония, Ресей павильондарын  атап өтті.

Ботагөз Айжанова


Back to the list