• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
17 ел ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады 10.02.2015

Қазақстан 2014 жылдың 11 маусымында Парижде өткен ХКБ Бас ассамблеясының 155 сессиясында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі ресми түрде мойындалғаннан кейін қатысушыларды шақыру құқығын алды. Қазақстан Президенті атынан дипломатиялық арналар арқылы 140-тан аса ел мен 12 халықаралық ұйымға ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақыру жіберілді.

Келіссөздер барысында 17 мемлекет (Әзірбайжан, Ангола, Армения, Беларусь, Германия, Грузия, Индия, Қырғызстан, Монако, Ресей, Сенегал, Сент-Китс және Невис, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Израиль және Түркия) және 3 халықаралық ұйым (АТМЭӘК, ЭЫДҰ және БҰӨДҰ) Астанадағы көрмеге қатысатынын ресми түрде растады.

Биылғы жылы ЭКСПО-2017 комиссары – Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың алдында 80 елдің ЭКСПО-ға қатысатынын растау бойынша ауқымды міндет тұр. Еуропа, Америка және Азия елдеріне сапарлар жоспарланған. Халықаралық қатысушыларды тартумен қатар, Комиссар ЭКСПО-2017 көрмесін халықаралық алаңдарда ілгерілету бойынша жұмыс жүргізуде және шетелдік елдердің туризм министрлерімен, туристік қауымдастықтардың басшыларымен келіссөздер жүргізуде.

ЭКСПО-2017 Комиссарының келесі жұмыс сапары Германия мен Бельгияға жоспарланып отыр.

 

 


Back to the list