• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сағынтаев «ЭКСПО-2017» нысандарын салуға ШОБ-тің қатысу мәселесі бойынша көшпелі кеңес өткізді 07.02.2015

Көрме кешенінің құрылыс алаңында өткен кеңеске жергілікті және орталық меморгандардың жетекшілері, «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Бәйтерек» АҚ, құрылыс ұйымдарының өкілдері мен өңірлік тауар өндірушілер қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бірінші вице-премьер ЭКСПО-қалашық пен нысандардың  құрылыс монтаж жұмыстарымен танысты.

Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сағынтаев меморгандар мен «Астана ЭКСПО-2017» АК» АҚ бірқатар тапсырма берді. Міндет өңірлерде ЭКСПО нысандарының құрылысына отандық тауар өндірушілерді тарту төңірегінде жүктелді.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ақпараты бойынша, бүгінгі таңда көрменің бас мердігерлері мен Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілерімен 3 млрд теңгенің келісімі орнатылған. Сондай-ақ, ұлттық компания мен әкімдік арасында астаналық кәсіпорындардың тауары мен қызметін 50 млрд-қа сатып алу бойынша меморандум түзілді. 


Back to the list