16.01.2015
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Ермегияевпен өткен кездесуi кезiнде ЭКСПО-2017 көрме кешенiн құру iсiне отандық бизнестi тартуды тапсырған болатын.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін компанияның өкiлдерi өткен жылы Қазақстанның бiрқатар қалаларына барып қайтқан еді. Бiрiншi болып Қарағандыға сапар жасалды. Осы аймақтан өндiрушi және жеткiзушi жетi компания тартылып, олармен көрме құрылысына арнап жергiлiктi тауарларды жеткiзу туралы келiсiмшарттарға қол қойылды.
Қарағанды жеткiзушi кәсiпорындарының бiрi - «POWER BETON» ЖШС директоры Қуаныш Жанақов айтып өткендей, бас мердiгерлермен бiрлескен жұмыс ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейiн дереу басталып кеттi.
Зауыт Қазақстан нарығында 2012 жылдан бастап қызмет жасап келедi, оның негiзгi жұмыс бағыты - темiрбетонды бұйымдардың өндiрiсi. Кәсiпорын ЭКСПО-2017 көрмесi ғимаратының iргетасына арнап тiреулер шығарды. Зауыт басшылығы ұсынатын қызмет түрлерiн келешекте кеңейтудi көздеп отыр.
«Бiз өз зауытымызды «Бизнестiң жол картасы – 2020» мемлекеттiк бағдарламасын пайдалана отырып аштық, – дейдi Қуаныш Жанақов. – Бiртiндеп өз өндiрiсiмiздi кеңейтiп, қазiр үлкен көлемде iрi тапсырыс берушiлермен жұмыс жасауға дайынбыз. ЭКСПО секiлдi орасан зор жобалардың құрылысы отандық өндiрiстi дамытуға, жұмыс орындарын құруға және осылайша қазақстандықтардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi».
Қ.Жанақов мырза ЭКСПО көрмесiмен ынтымақтасу зауытқа кепiл берiлген тапсырыстарды алуға, ал жұмысшыларды тұрақты жалақымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiнiне сенiмдi.
«Бiз кәсiпорынды ашу және халықты еңбекке орналастыру бойынша жауапкершiлiк алып қана қоймай, сонымен бiрге, олардың әлеуметтiк әл-ауқатын да қамтамасыз етуiмiз керек. Бiз Елбасының мемлекеттiк қолдауын аса жоғары бағалаймыз. Осындай мемлекеттiк бағдарламалар арқылы орта және шағын бизнеске нағыз көмек көрсетілуде», – дедi Қуаныш Жанақов.