09.01.2015
"ЭКСПО – ел беделі. Ол әлемдік ірі мемлекеттермен тең дәрежеде сөйлесу және адамзатты толғандыратын мәселелерді талқылау мүмкіндігін береді. Астанадағы ЭКСПО Халықаралық көрмесі осы бастан көпшіліктің қызығушылығын арттырып отырғаны таң қаларлық емес", - делінген хабарламада.
Оның ашылуына үш жылдан азырақ уақыт қалды. Ұйымдастырушылар іс-шараның жоғары деңгейде өтуі үшін не істеп жатыр? ЭКСПО-2017 көрмесі қандай болмақ? Біздің еліміз бен барлық қазақстандықтарға ол не береді? Осы және басқа да сұрақтар жайлы «Қазақстан. ЭКСПО-дан үш жыл бұрын» ғылыми-танымдық деректі фильмінде айтылады. Фильмнің тұсаукесері жақында республикамыздың жетекші телеарналарының эфирлерінде көрсетілді.