• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өндіріске «жасыл» технологияны енгізіп отырған кәсіпорындар марапатталды 29.12.2014

«Қазіргі таңда индустрияда нәпәқасын тауып жатқан қазақстандықтардың саны 1 млн-нан асады. Осы ретте қайта өңдеу саласында еңбек өнімділігі 60%-ға өсіп, энергия сыйымдылығы 19%-ға төмендеді. Стратегия-2050 аясында 2050 жылға қарай энергияның 50%-ын жаңартылған энергия көздерінен өндіру міндеті қойылған. Осы ретте Қазақстан үйреншікті энергия көздерінен көп көлемде энергия өндіреді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анатолий Пепенин.

Сонымен, конкурстың органикалық ауыл шаруашылығы номинациясында «СТРЕЛЕЦ А.В.»ЖК жеңімпаз атанды. Негізгі мақсаты - экологиялық таза егін шаруашылығы және оның тиімділігі. Пайдаға асыру және қалдықтарды қайта өңдеу номинациясында «ЭКО-МАРТ» инвестициялық топ» ЖШС жеңіс тұғырынан көрінді. Жасыл кеңсе номинациясында - «Эргономика» ЖШС, энергияны үнемдеу номинациясында - «Сантехөндіріс» ЖШС жүзден жүйрін атанды.

Сонымен қатар, «ЭКО-PARK»ЖШС жобасының экономикалық табысы шығындарды төмендету бойынша тәулігіне 60 мың теңгені құрайды.

Бұдан басқа, «Ақсай нан комбинаты» ЖШС ағынды суларды тазарту үшін орташа есеппен 1 млн теңгені жылына үнемдейтін болады. Екінші рет пайдалануға берілген қалдықтардан түсетін табыс орташа есеппен жылына 800 мың теңгені құрайды.

Камила Амирова


Back to the list