23.12.2014
Бас жүлде үшін елорданың балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық мектептері мен футбол клубтарының атынан 6 команда күресті. Суық аязға қарамастан, 14-тен 17 жасқа дейінгі жас футболшылар әдемі және қызықты ойынды көрсетті.
«Қажырлы спорттық күрестің бірнеше сағатынан кейін ең мықты деген үш команда аталды. Бірінші орынды және «ЭКСПО-2017» кубогын №8 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің футболшылары жеңді, екінші және үшінші орынды «Астана-1964» футбол клубынан келген екі команда алды. Жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдермен, сондай-ақ, естелік сыйлықтармен марапатталды, жарысқа қатысқандардың барлығына ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің бейнелемесі бар сыйлықтар табысталды», - деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы қаланың жасөспірімдер командалары арасында осындай спорттық сайыстарды тұрақты өткізіп тұруға ниетті.