• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Беларусь Республикасы ЭКСПО-2017 қатысатынын растады 13.12.2014

Сапар аясында Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары М.Русьпен,   Сыртқы істер министрі  В.Макеймен, Беларусияның ұлттық ғылым академиясының президиумы В.Гусаковпен және ғылыми-өндірістік институттардың жетекшісімен екіжақты кездесулер өткізілді.

БР Премьер-Министрінің орынбасары М.Русьпен кездесу барысында ЭКСПО-2017 комиссары Қазақстандық-Беларустық сауда-экономикалық қатынасты дамытудағы М.Русь қосалқы төрағалық ететін үкіметаралық комиссияның үлесін атап өтті. Р.Жошыбаев әріптесіне Астанада өтетін халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық жұмыстары жайлы жан-жақты ақпарат берді.

БР Сыртқы істер министрі  В.Макеймен сұхбаттасу барысында қазақстандық-белорустық қатынастардың бүгінгі жай күйі мен Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы жоғары сенімді қарым-қатынасты атап өтті. ЭКСПО-2017 комиссары белорустық тарапқа ҚР-ның халықаралық бастамаларына қолдау көрсетіп келгеніне алғыс айтып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Беларусь Президенті А.Лукашенкоға ЭКСПО-2017 шақыру қағазының түпнұсқасын тапсырды.

Өз кезегінде  сыртқы саясат ведомвтосының басшысы Комиссарға Белорусь Республикасының ЭКСПО-2017 қатысатынын растайтын нотаны тарту етті және БР Президенті Александр Лукашенко мен Беларусь Республикасы Үкіметінен Астанада өтетін көрмеге дайындалу туралы тапсырма алғанын атап өтті.


Back to the list