• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Ватиканда болды 10.12.2014

Кездесуде Р.Жошыбаев Қазақстан мен Ватиканның арасында қалыптасқан өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап көрсетті. Комиссар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың барысымен таныстырды және Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Рим Папасына жолдаған шақыру хатының түпнұсқасын табыс етті.

Ватикандағы екінші тұлға саналатын кардинал Пьетро Паролин өз кезегінде, Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға мүдделілік білдірді және көрме аясында Леонардо да Винчидің Атлант кодексінің көрмесін ұйымдастыруды ұсынды.

Кардинал сондай-ақ, Астанадағы Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі өркениеттер мен діндер арасындағы диалогтың беделді алаңына айналып отырғанын атап көрсетті.


Back to the list