08.12.2014
«Юлия Горячевская мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы әлеуметтік республикалық байқауда «Дарынды бастау» номинациясы бойынша екінші орынды жеңіп алды. Онда ол өзінің шыны бетіндегі витраждық қолтаңбасын ұсынған болатын. Енді ол өзінің туындысын Астанада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық жетістікер көрмесіне қоя алады», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Мемлекеттік саясатты дамыту» ҚҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырымен мүмкіндігі шектеулі қолөнершілердің халықтық және сәнді-қолданбалы өнері бойынша әлеуметтік республикалық байқауын өткізді. Сайыстың мақсаты Астанада өтетін «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне ұлттық нақыштағы кәдесыйларды әзірлеу, Қазақстанда көлөнер өндірісінің дамуына мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту арқылы ықпал ету.
Жалпы дүбірлі дода қолөнершілер «Дарынды бастау», «Эко-дизайн» және «Мұрагер» атты үш намонация бойынша бақ сынады.