08.12.2014
Мемлекеттік қамтамасыз ету проблемаларын талқылауға аймақтың кәсіпкерлері, жүйені қалыптастыратын кәсіпорындар басшылығы, даму институттары мен ұлттық компания өкілдері жиналды.
Форум барысында Отандық өндірісті дамытудағы маңызды құрал мемлекеттік қамтамасыз етуді ұлғайту саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері талқыланды. Сонымен қатар аталмыш саясаттың нәтижесі және бірінші индустрияландыру бесжылдығындағы үлесі де тілге тиек етілді. Еуразиялық интеграция мен ДСҰ жағдайында мемлекеттік қамтамасыз ету үлесін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмады, деп ұлттық палатадан толықтырды.
Келелі кеңеске қатысушылар атап өткендей, мемлекеттік қамтамасыз етуді арттыру бойынша қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. 2010 жылмен салыстырғанда Павлодар кәсіпорындарының қол қойылған келісімдері бойынша сомасы 2 есе өсіп, 2013 жылы 884 млрд теңгені құрады. Жалпы бұл саладағы өзгерістер айтарлықтай жақсы.
Хабарланғандай, ағымдағы жылдың 10 айында Павлодар облысының кәсіпорындары 472 млрд теңгенің келісіміне қол жеткізді. «Бұл өз кезегінде аймақта шағын және орта бизнестің дамуына оң әсер етті. Өсім 26% құрады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар аталып өткендей, Павлодар облысының әкімдігі Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне қатысушыларға өндірістік тауарды жеткізу туралы Меморандумға отыруды жоспарлауда.