03.12.2014
Фотоконкурсқа қатысу үшін қысқы сюжетті суретке түсіру керек, кадрда ЭКСПО-2017 логотипі болуы тиіс, сөйтіп оны #expowinter2014 деген хэштегпен Instagram-ға салу қажет.
Конкурстың басты талаптарының бірі қатысушы ЭКСПО-2017 логотипін қарда, мұзда, аяз қатқан терезеде, қар басқан шатырда, мұз айдынында жасай алады. Ол оны қармен, мұзбен, аққаламен, шырша ойыншықтарымен, балалар шанасымен, шәркеймен немесе қолғаптармен де сала алады.
Конкурстың тағы бір талабы ЭКСПО-2017 логотипін қатысушының өз қолымен жасауы немесе кәдесый өнімдерінен қолдану керек. Алайда логотипті суретке графикалық редактордың көмегімен қосуға тыйым салынады.
Өз кезегінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Меломан» желісінің сертификаттарымен марапатталады. 1 орынға 30000 теңгенің, екінші орынға 20000 теңгенің, үшінші орынға 10000 теңгенің, 4-10 орындарға 5000 теңгенің сертификаттары табысталады.