19.11.2014
Өздеріңізге де белгілі, «ЭКСПО-2017» кешені құрылысының жалғастыруға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев 2015 жылы 40 млрд теңге бөлуді тапсырды. Бөлінген қаражат, атқарушы директордың айтуынша, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ арқылы жобаларды қаржыландыруға бағытталмақ.
«40 млрд теңге көлеміндегі қаражат несиелеу түрінде ЭКСПО шараларына бағытталады. Бүгін ұлттық компания елдің барлық бизнес құрылымдарын әріптестікке тартуда. Бұл қаражат «Бәйтерек» холдингі арқылы беріледі», - дейді.
«Қазақстан бизнесі ЭКСПО шараларына қатысады. Онда тек құрылыс материалдарын жеткізумен шектелмей, жаңа технологиялар тарту, қызмет көрсету мен инфрақұрылымды дамытуға ат салыспақ», - дейді С.Рахымбекова.
Камила Амирова