11.11.2014
«Сингапурлық студенттермен бірлесіп казақ ұлттық биін «Қара жорғаны» билеген ЭКСПО-2017 тірілген маскоты - «Тенгри мен Бөрі» акцияның орталық оқиғасы болды», - делінген хабарламада.
Іс-шара Сингапурда аккредитацияланған шетелдік дипломатиялық өкілдіктері қатысқан Темасек политехникалық институтында Жаһандық бірігу күні аясында өткізілді. Атап айтқанда, елдік презентациялар Жапонияның, Мексиканың, Испанияның, Индонезияның, Түркияның және басқа Елшіліктермен ұйымдастырылды.
Біздің елге арналған тақырыптық аудиторияда Сингапурдағы Елші Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының халықаралық бастамаларымен және негізгі даму бағыттарымен іс-шара қатысушыларын таныстырды.