07.11.2014
«Бүгін кездесу аясында 5 меморандумға қол қойылды. Оның бірі Қарағанды облысының әкімі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында орнатылды. Қарағанды облысының 15 құрылыс компаниясын ЭКСПО жұмысына тарту көзделген», - деді ол.
Ол атап өткендей, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ көрме кешенін тұрғызуда отандық бизнесті тарту қажеттігін тапсырған болатын.
«Екі апта бойы біз шаралар жоспарын дайындадық. Оның құрамына 30-50 шара енеді», - деді ол.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысы жаңартылмалы энергия көзі бойынша бірқатар ұсынысқа ие. «Біз халықаралық іріктеу комиссиясын құруға инвестиция құйып отырмыз. Халықаралық жетекші институттар мен ұйымдар арасында қарым-қатынас орнатылған», - деді С.Рақымбекова.
«ЭКСПО көрмесі адам ғылымының жетілу көрсеткіші ғана емес. ЭКСПО – мәдениеттің алмасуы мен ғылымды дамытудың тамаша мүмкіндігі», - деді ол.
Камила Амирова