• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қытай туристік операторлары ЭКСПО-2017 көрмесін ілгерілету мен насихаттауға дайын 02.11.2014

Жиында сөз алған Р.Жошыбаев, әлемдік туризмнің даму тенденциялары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдегі туристік ахуалды жақсартуға қолданып жатқан шаралары, қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндады. Комиссар өз сөзінде ЭКСПО-2017 еліміздегі туризмді дамытудың бастамасы болатындығын атап өтті.

Іс-шараға көрнекті саяси қайраткерлер, бірқатар туризм министрлері, халықаралық туризм ұйымдары мен компанияларының басшылары, сонымен қатар Иран Ислам Республикасының Вице-президенті Масуд Солтанифар, БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымының (UNWTO) атқарушы директоры Марсио Фавилла, Тынық мұхиты және Азия мемлекеттері туристік ассоциациясының (PATA) Төрағасы Скот Суперно, Туризм және әлемдік саяхат кеңесінің (WTTC) төрағасы Майкл Френзель және басқалар қатысты.

Форумда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында Қазақстанның шетелдік туристерге не ұсына алатындығы, сондай-ақ, еліміздің туристік әл-ауқаты таныстырылды.

Форум алаңында Р.Жошыбаев пен Иран Вице-президенті – ИИР мәдени мұра, туризм және халық өнеркәсібі ұйымының басшысы М.Солтанифардың кездесуі өткізілді. Кездесу барысында Иранның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы, екіжақты серіктестік, оның ішінде туризм саласында өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, Комбоджа мен Хорватияның туризм министрлерімен, РАТА Төрағасы Скот Суперно, UNWTO атқарушы директоры Марсио Фавилламен келіссөздер жүргізілді. Кездесулер қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев оларды сауда-экономикалық және туризм саласында тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін Қазақстанға шақырды.


Back to the list