23.10.2014
«2016 жылы 30-35 мемлекетке барып, көрмеге қатысуға шақырамыз», - деп қосты Р.Жошыбаев.
«Біз Мемлекет басшысының атынан 142 елден астам мемлекетке ЭСКПО-2017 көрмесіне қатысуға шақыру жолдадық. Қазір осы елдердің көрмеге қатысуы бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Мен көрменің комиссары ретінде елдерді көрмеге шақырып, оған қатысуға келісімдер жасау үшін іс-сапарларымды бастадым.
«10 ел ұсынысымызды қабылдады. Келесі жылы көптеген елдер көрмеге қатысуға ниет танытады деп жоспарланып отыр.2015 жылы 80-нен астам мемлекет еліміздің шақыруына жауап беруі тиіс», - дейді Р.Жошыбаев.
Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші жиыны – Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155 сессиясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу туралы ресми шешім қабылданғаннан кейінгі алғашқы шара. Форумға Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) басшылығы, ЭКСПО Комиссары хатшылығының қызметкерлері, сондай-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне ресми шақыру алған 86 елдің 200-ден астам өкілі қатысуда.
Камила Амирова