23.10.2014
«Астанадағы ЭКСПО мұқият таңдалды. Ол болашақта аталмыш саладағы ұсыныстарды қарастыратын үлкен алаңға айналады. Жалпы, энергетика қоғамның болашағын дамытудың бірегей құралына айналуда»,- деді В. Лоссерталес.
Оның айтуынша, ЭКСПО көптеген сарапшылардың назарын аударады. Онда жаһандық деңгейдегі мәселелер бойынша шешімдер мен ұсыныстар қаралады.
«Климаттың өзгеруі туралы барлық конвенциялар Астананы баршаға үлгі етеді. Ол қоғамның назарын инновация саласында жасалынып жатқан әрекеттерге, зерттеулерге және саясатқа аудартады»,- деп есептейді ол.
ЭКСПО-ның білім беру мақсаты ең үздік идеяларды іріктеп алуға бағытталған.
«Бүгінде «болашақ энергеиясына» қатысты проблемаларды нақты бір мемлекет немесе ұйым өзбетінше шеше алмайды. Бізге бұл салада халықаралық ынтымақтастық, азаматтық қоғамның қолдауы және ресурстар қажет»,- деп түйді Лоссерталес.
Камила Амирова