• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ЭКСПО аумағында 40 шақты нысан бой көтереді – А.Марат 22.10.2014

Департамент басшысының айтуынша, көрменің инфрақұрылымын жасау арқылы бүгінгі Астананың тұрақты даму барысын көрсету керек.

 «ЭКСПО-кешеннің өзі қала аумағына кіреді. Астананың бас жоспары бойынша оған 175 гектар жер бөлінді. ЭКСПО-қалашығы Назарбаев университеті мен медициналық кластердің маңайында орналасады. Бұдан бөлек, 150 гектар жер көрменің қосымша нысандары мен көлік инфрақұрылымына бөлінген. Онда қоғамдық көлік пен тұрақтар болады», - дейді А.Марат.

Оның сөзіне қарағанда, көрме кешені орналасатын аумақтың 42 пайызы павильондарға беріледі. Ал қалған территорияда мәдени шараларды өткізуге арналған ашық және жабық алаңдар болады. ЭКСПО-қалашықта Қазақстанның ұлттық павильоны,4 тақырыптық павильон, көрмеге қатысушы мемлекеттердің павильондары,үкіметтік емес ұйымдар мен корпоративтік қатысушылар, сондай-ақ Үздік тәжірибелер аймағы.

Жалпы, ЭКСПО-қалашығының құрылысына 8 мердігер компания қатысуда. Олар 38 нысанды салып береді. Кешен құрылысы 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысушылардың бірінші кездесуі - Париждегі Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 155 сессиясында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін Қазақстанда өткізу туралы ресми шешім қабылданғаннан кейінгі алғашқы шара.

Бауыржан Мұқанов 

 


Back to the list