22.10.2014
«2017 жылы Астанада өтетін айтулы шара әлемдік энергетикадағы үздік технологияларды таныстырып, дәстүрлі және баламалы қуат көздерін дамытудағы инновациялық әдістерді қарастыруға мүмкіндік береді. Аталмыш шараны ұйымдастыруда елімізде барлық заңнамалық база қалыптастырылды», - дейді ЭКСПО-2017 комиссары.
Оның айтуынша, шараға 100-ден астам мемлекет пен халықарылық ұйымдар қатысады деп күтілуде.
«Келетін қонақтардың саны болжам бойынша 5 млн-ды құрамақ. Халықаралық қауымдастықтың лауазымды тұлғалары мен осы саланың мамандарына арнайы шақырту жіберіп жатырмыз. Сыртқы істер министрлігінің өкілі ретінде көптеген мемлекеттердің шараға әлден қызығушылық танытып отырғанын айта кеткім келеді», - дейді ол.
Сөз соңында Р.Жошыбаев көрмеге дайындық барысында ҚР СІМ мен халықаралық ұйымдар арасында көптеген келісімдер құрылды.
Бауыржан Мұқанов