21.10.2014
Өз сапары барысында ХКБ басшысы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесіп, сондай-ақ, ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелерінің Астана қаласында көрмені өткізу қарсаңында жасаған жұмысына қатысты есебімен танысты.
Баспасөз қызметі хабарлағапндай, Лоссерталес мырза құрылыстың барысы мен сәулетке жоғары баға беріп, бүгін көрме кешенінің құрылыс алаңына барайын деп отырғанын атап өтті.
«Сонымен қатар, ХКБ бас хатшысының сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен және бірқатар ресми тұлғалармен кездесулер жоспарланған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 22-23 қазан күндері В.Лоссерталес мырза ЭКСПО-2017 көрмесі Халықаралық қатысушыларының алқалы басқосуына және 23 қазан күні басталатын «Болашақ энергиясы: СО2 шығарындыларын азайту» халықаралық форумында болады.
Бұл ХКБ-ның 2012 жылдың қарашасынан бастап Астанаға жасаған төртінші инспекциясы екенін еске саламыз.