• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астаналық  оқушыларға  ЭКСПО сабақтары оқытылады (ФОТО) 20.10.2014

Әдістемелік құралды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейі және Астана қалалық білім басқармасымен бірлесіп дайындады. Онда ЭКСПО көрмелерінің тарихы, Қазақстан астанасының халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге дайындығы туралы кеңінен мәлімет берілген.

«ҚР Тұңғыш Президенті музейі жалпыұлттық жобаны жүзеге асыру үшін қолдан келген көмегін аямауда. Мәселен, 2013 жылдың 28 ақпанында ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған музейдің жеке бағдарламасы қолға алынды. Қолдарыңыздағы әдістемелік құрал «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының ҚР Тұңғыш Президенті музейімен бірлесе қолға алған тұңғыш жобасы», - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры Әсел Қожақова.

Оның айтуынша, аталмыш әдістемелік құралды дайындауда елорда педагогтарының еңбектерін Халықаралық көрме бюросы жоғары бағалап отыр.

«Астана оқытушыларының тікелей қатысуымен жазылған еңбектің әлемдік көрмелер тарихында алар орны зор. Осы орайда бұл бастама Астана мектептерімен шектеліп қалмай, алдағы уақытта республикалық деңгейде тарайтын болады. Біз ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына барша қазақстандықтардың белсенді қатысуына жағдай жасаймыз», - дейді департамент директоры.

Бауыржан Мұқанов 

Суретті түсірген Азамат Әлиев 


Back to the list