• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Түрікменстан ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады – СІМ 13.10.2014

«Сапар барысында «ЭКСПО-2017» комиссарының Министрлер кабинетінің төраға орынбасары – Түрікменстанның сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен, Түрікменстанның министрлер кабинеті төраға орынбасары Пальван Таганов және Түрікменстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасы Давран Оразмурадовпен кездесуі өтті», - деп хабарлады ведомство.

Р.Мередовпен кездесуде Р.Жошыбаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовқа арналған «ЭКСПО-2017» көрмесіне шақырту хатын табыстады. Әңгіме барысында тараптар қазақстан-түркменстан қатынасының бүгіні мен болашағына жоғары баға бере келіп, ҚР Президентінің алдағы уақытта Түркменстанға жоспарланған ресми сапары мен «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық темір жол магистралінің түрікмен-иран учаскісінің салтанатты ашылуына қатысуына дайындық мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша қазақстан-түркменнің үкіметаралық комиссиясының VIII отырысының күн тәртібі талқыланды.


Back to the list