19.09.2014
Комиссар РФ сыртқы істер министрі Василий Небензеймен, РФ өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Георгий Каламановпен, РФ Туризм федералды агенттігінің жетекшісі Олег Сафоновпен, Сочи-2014 қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің экс-президенті Дмитрий Чернышенкомен, «Сколково» инновациялық орталықтың вице-президенті Александр Черновпен кездесті. Сонымен қатар, РФ Үкіметі жанындағы ресейлік өңірлердің басшыларына арналып Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің таныстырылымы өткізілді.
«Ресей тарабын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық барысымен таныстырдық. Көрменің ұйымдастырушылары Ресейдің аталмыш шараға белсенді ат салысуын күтеді. Ресейдің компаниялары мен ғылыми-технологиялық орталықтарының шараға қатысуына барлық жағдайды жасаймыз. РФ-ның ғылыми-инновациялық және технологиялық әлеуеті көрмеге қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудыратын павильон құруға әбден жетеді», - деп хабарлайды ҚР СІМ.
Олег Сафонов және РФ шекаралас өңірлерінің басшыларымен кездесу барысында Р.Жошыбаев Қазақстандағы туризмді дамыту шаралары туралы айтып, ЭКСПО-2017 көрмесінің аталмыш саланы дамытуға қозғаушы күш екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация «Сколково» инновациялық орталығының қызметімен танысып, орталық басшыларымен өзара ынтымақтастық құратын болып келісті.