• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атыраулық жастар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін насихаттауға қатысады 17.09.2014

Халықаралық көрменің баспасөз қызметі хабарлағандай, семинар жастар ортасында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің миссиясын түсіндіру, көрменің имиджін ілгерілету, әрбір адамға көрмені өткізуге атсалысу мүмкіндігін бере отырып, осы бағытта жастарды белсендендіру, «жасыл» технологияларды қолдану мүмкіндіктері туралы жастардың ой-өрісін кеңейту, табиғатқа деген ұқыпты қатынасты дамыту және Атырау облысы жастарының көшбасшылық әлеуетін көтеру мақсатында өткізілуде.

Семинарды «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-пен бірлесе отырып, «Жасыл ел» республикалық штабы ұйымдастырып отыр.

«Шараны өткізу аясында  велошеру, ал оның соңында «Жеңіс» Саябағында гүл қою салтанаты өтпек. Іс-шараға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы, Атырау қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, «Жасыл ел» ЖЕЖ-дің облыстық штабының өкілдері және жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері қатысуда», - делінген хабарламада.

 


Back to the list