09.09.2014
СІМ-де хабарлағандай, Астана қаласында ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің өтетініне және жан-жақты саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты өрбіту қажеттілігіне орай, семинар барысындағы басты назар шетелдік әріптестерді қазіргі таңда Қазақстанда бизнесті дамыту аясында ашылып отырған үлкен мүмкіндіктерді кеңінен таныстыруға бағытталды.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін жоғары бағалап, елдің саяси тұрақтылығы мен жалпы аймақ әлеуетінің өсуін атап өтті.
«Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын одан әрі ұлғайтуға бағытталған ҚР Үкіметінің бұл қадамдары Қазақстанға жаңа нидерландтық компанияларды тартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Нидерландының бизнес қауымдастығы қазақ тарапының инвесторлар елдеріне арналған жаңа жеңілдіктер топтамасын үлкен ықыласпен қолдауда және осы арқылы аталмыш бастамаларды Нидерландта кеңінен таратуға өзінің оң септіктерін тигізуде», - деп Лимбург провинциясы бойынша аймақтық Министр Б.Керстен мәлімдеді.