05.09.2014
Семинар «жасыл» технологияларды қолдану мүмкіндіктері, қоршаған ортаны қорғау, Шығыс-Қазақстан облысындағы жастардың көшбасшылық мүмкіндіктерін арттыру, және жалпы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылуда, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Семинар ұйымдастырушылары – «Жасыл ел» республикалық жасақтары және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ.
Шараға «Жасыл ел» республикалық жасақтары, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Семей қаласы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен қоғамдық жастар ұйымдарының белсенділері қатысуды.
Семинар барысында қала басшылығының қатысуымен велошеру ұйымдастырылып, «Полковничьем» аралында жасыл желектерді отырғызу шарасы өтеді.