21.08.2014
«Бұл шоуда кез келген суреттің жобалық беткі қабатын қалыптастыратын 3D mapping технологиясы мен заманауи балет элементтері үйлесім табады. Осы арқылы визуалды керемет иллюзия көрсетіледі», - деп хабарлайды ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми сайты.
Шараның басты мақсаты әрбір адамның ішіндегі энергияның тууын көрсету. Онда 4 тақырып қамтылады: Энергия әлемі, Өмір қуаты, Көпшіліктің энергиясы және Менің болашақтағы энергиям.
Естеріңізге сала кетейік, «FourЭ» эко-этнофестивалі жыл сайын open air форматында өтеді. Биыл Алматы маңындағы Іле Алатауы жанындағы тау шатқалында 22-24 тамыз күндері өтеді. Өткен жылдан бері фестиваль Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қолдауымен өтеді.