• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
EXPO-2017  бойтұмары белгілі болды 20.08.2014

Дауыс берудің қорытындысы бойынша, «Тенгри мен Бори» тұмары бірінші орында (3705 дауыс), «Күнсұлу, Бөбек және Ұлан» екінші (3198), «Күнсұлу, Дауылхан және Толқынай» тұмары үшінші орында (3019). Жалпы дауыс беруге 20 мыңнан астам адам қатысты. 

Дауыс беру 4 және 18 тамыз аралығында EXPO-2017 ресми сайтында өткізілді. Дауыс беруге жіберілген 7 үміткер комиссиямен іріктелді. Енді комиссия топ жарған үш тұмардың ішінен үздік дизайн-жобаны таңдайды.

Конкурс жеңімпазы көрме логотиптерінің барлық корпоративтік стилін әзірлеуге шарт бекітеді, және жобаны жалғастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, конкурс үстіміздегі жылы мамыр айында басталды. Осы уақыттың ішінде конкурстық комиссияның қарауына Бразилия, Мексика, Венесуэла, Португалия, АҚШ, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Испания, Босния мен Герцеговина, Бельгия, Литва, Румыния, Польша, Украина, Израиль, Үндістан, Индонезия және басқа елдерден 80-нен астам жұмыс жіберілді.

 


Back to the list