14.08.2014
Өскемен қаласында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе отырып, тақырыбында форум өтуде, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Форумның мақсаты-Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық үдерістерді нығайтуға ықпал ету, шекара аралық ынтымақтастықты дамытуда әйелдердің үлесін арттыру, «жасыл экономиканың» басымдықтары мен «ЭКСПО-2017» көрмесі мәселелерін талқыға салу.
«Шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина лауазымды қызмет атқаратын нәзікжандылардың көшбасшылық қабілетін көтеру мақсатында «Табыс тарихы» шеберлік сыныбын өткізеді»,- делінген хабарламада.
Шара барысында 4 панельдік сессия өтеді.
Сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының ауылдық округтеріндегі әйел әкімдер үшін «Ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы: гендерлік аспект» тақырыбында семинар ұйымдастыру көзделіп отыр.
Форум жұмысына мемлекеттік органдар басшылары, депутаттар, кәсіпкерлер, қазақстандық және ресейлік мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары қатыспақ..